"ҚазАвтоЖол" ҰК таратқан ақпаратқа сәйкес бірқатар тасжолда жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Солтүстік Қазақстан өңірінде:
"Астана-Петропавл" тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық ашық;
"Жезқазған-Петропавл" тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы ашық;
"Петропавл-Соколовка-Ресей Федерациясының шекарасы" тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығы ашық;
Ақмола облысында:
"Астана-Петропавл" күре жолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығы ашық;
"Астана-Петропавл" күре жолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралығы ашық;
"Щучье-Зеренді" күре жолы ашық.