Бірнеше рет жауапкершілікке тартылса да, алимент төлеуден әдейі бас тартып жүрген әкелер бар

26 Қараша 2024, 11:57
871
Бөлісу:
Бірнеше рет жауапкершілікке тартылса да, алимент төлеуден әдейі бас тартып жүрген әкелер бар
Фото: depositphotos.com

Жетісу прокуратурасы алимент төлемеген борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен алимент бойынша борышкерлер қылмыстық қудалауға дейін белсенді жұмыс .

Қадағалау органы кейбір борышкерлердің әкімшілік жауапкершілік шараларына мүлде мән бермейтінін және бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, өз балаларын қамтамасыз ету үшін алимент төлеуден жалтарып жүргенін атап өтті. Мысалы, алты борышкердің үш жылдан астам уақыт бойы сот шешімін қасақана орындамау салдарынан өз балалары алдындағы қарыздарының жалпы сомасы 20 млн теңгеден асып кеткен. Сол себепті прокурорлар оларға қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша балаларды және басқа да еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерін асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту сынды қатаң шараларды қолдана бастады, - делінген хабарламада.

Аталған тұлғалардың үшеуіне қатысты қылмыстық істер сотқа жолданылып, олардың бірі бойынша айыптау үкімі шығарылды және кінәлі адам сотталды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері прокурорлар 30-дан астам балаға сот шешімімен тиесілі қаражаттарын алуға көмектесіп, қадағалау актілері бойынша олардың пайдасына 50 млн теңгеден астам қарызды өндіріп берді.

Облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев балалардың құқықтарын қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, алимент өндіру бағытындағы жұмыстарды ерекше бақылауда ұстайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы