Бірнеше өңірде мұз кептелісін болдырмау үшін профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілуде

31 Наурыз 2024, 21:46
423
Бөлісу:
Бірнеше өңірде мұз кептелісін болдырмау үшін профилактикалық жарылыс жұмыстары жүргізілуде
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Мұз кептелісін болдырмау мақсатында Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Құндызды өзенінің үш учаскесінде мұзды ұсақтау бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 8000 шаршы метрді құрайды.

Сондай-ақ 31 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында мұз кептелісін болдырмау мақсатында Құлыкөл ауылының маңындағы Қарасу өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. Мұзды ұсақтаудың жалпы ауданы 800 шаршы метрді құрады.

Өзгелердің жаңалығы