Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

4 Қараша 2022, 00:18
2665
Бөлісу:
Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның синоптиктері бірқатар өңірде тұман, қатты жаңбыр мен көктайғақ күтілетінін хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, 4 қараша күні түстен кейін Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.

Қызылорда облысында облыс орталығында секундына 15-20 метр оңтүстік жел соғады деп күтілуде.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік, оңтүстік-батыс жел соғады. Екпіні секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман мен қатты жел күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр, тұман және жел күтіледі.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігінде жолда көктайғақ болатыны хабарланды. Жел оңтүстік-батыста, күндіз шығыста солтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында жел екпіні секундына 15-18 метрге жетуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы