Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

10 Қаңтар 2024, 08:13
850
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Архив BAQ.KZ

10 қаңтар күні елдің 15 облысында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарында боран және көктайғақ, Маңғыстау облысында да көктайғақ болуы мүмкін.

Абай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бұрқасын, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

10 қаңтар күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қалың қар жауады.

Жетісу, Түркістан облыстарында жел тұрады деп болжанған.

Шығыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде түнде қар жауып, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын, бұрқасын болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының көп бөлігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында қалың қар жауады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы