Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

29 Маусым 2023, 03:22
1067
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: baq.kz

«Қазгидромет» РМК 29 маусымда күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі бар.

Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінде жел тұрады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің басым бөлігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі бар.

Шымкент қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Солтүстікте екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігі мен батысында найзағай ойнап, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің күші күндіз 25 м/с артуы ықтимал.

Павлодар облысының шығысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Костанай облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Қарағанды облысының шығысында – найзағай, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с құрайды. Өңірдің оңтүстігінде өрт тұтану қаупі жоғары.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Өңірдің орталығында күші 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының оңтүстігінде өрт тұтанудың төтенше қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы