Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

5 Мамыр 2020, 21:00
1295
Бөлісу:
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Нұр-Сұлтанда 6 мамыр күні түнде -2 градус суық болады деп күтілуде. Ақмола облысында 6 мамыр түнде кей жерлерде -3 градус аяз болады.

Көкшетауда 6 мамыр түнде 1 градус суық болады. Алматы облысы мен Талдықорғанда 6 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістан облысында 5-6 мамыр күндері таулы аудандарда нөсер жаңбыр жауып, соның салдарынан Түркістан облысында өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнып, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс бағыттан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Шымкентте 6 мамыр күні түнде және таңертең күн күркіреп, күшті жел соғады. 6 мамыр күні Түркістан қаласында шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Павлодар облысында 6 мамыр түнде 1-6 градус аяз болуы ықтимал.

Атырау облысында 6 мамыр күні күн күркірейді. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, түнде кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырауда 6 мамыр күндіз шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с болады.

Ескертудің ықтималдығы 80-100 %.



Өзгелердің жаңалығы