Көлгінов: Халқымыздың бірлігі мығым болса, біз алмайтын асу жоқ

1 Мамыр 2020, 11:40
1977
Бөлісу:
Көлгінов: Халқымыздың бірлігі мығым болса, біз алмайтын асу жоқ

Нқр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады.

Қымбатты елордалықтар! Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әр жетістігіміз – көпэтносты еліміздің татулығы мен тұтастығына негізделген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанған саясаттың айқын нәтижесі. "Береке-бірліктің алмайтын қамалы, бағындырмайтын биігі болмайды",-деп ҚР Тұңғыш Президенті атап өткендей, түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өзара сыйласып, осы жылдар ішінде көптеген қиындыққа төтеп беріп келеміз. Әсіресе, дәл қазіргідей әлемдік пандемиямен күрес кезі – еліміздің ішкі бірлігі сыналатын уақыт. Алайда, халқымыздың тұтастығы сыр бермей, қиын кезде бір-біріне көмек қолын созып, өркениетті қоғам болып қалыптасқанымызды көрсетіп жатырмыз - деді астана әкімі.

Сонымен қатар шаһар басшысы халқымыздың бірлігі мығым болса, біз алмайтын асу жоқ екенін атап өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Біздің бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, рухымыз асқақ. Соның арқасында кез-келген қиындықты жеңіп, жасампаздық пен өрлеу жолында жаңа белестерді бағындырамыз деп сенемін",- деп атап өтті. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік-экономикалық, медициналық жағынан қорғау шаралары тиянақты жүргізілуде. Халқымыздың бірлігі мығым болса, біз алмайтын асу жоқ. Елімізде тұрақтылық сақталып, бірлік пен ынтымақтастық арта берсін! Әрқайсыңызға зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін! - деді Алтай Көлгінов өз құттықтауында.


Өзгелердің жаңалығы