Бірқатар мешіт имамдары марапатталды

10 Желтоқсан 2020, 13:34
1596
Бөлісу:
Бірқатар мешіт имамдары марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» тақырыбында IV Республикалық имамдар форумы өтті. 

Форумға мемлекет және қоғам қайраткерлері, діни басқарманың өңірлердегі бас имамдары және қалалық, аудандық, ауылдық деңгейдегі 1000 жуық діни қызметші онлайн режимде қатысты. 

ИМАМ1.jpeg

Форумда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-форматта құттықтау сөзін жолдады. Іс-шарада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін жеткізіп, бірқатар мешіт имамдарына ҚР Президентінің атынан берілген марапаттарды табыстады. 

Форумның қорытындысы бойынша «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті», «Зияткер имам» құжаттары мен Үндеу қабылданды. Аталған құжаттар еліміздің өңірлерінде діни рәсімдер мен жораларды бірізділікке келтіруге және зияткер имамдарды іріктеуге оң ықпалын тигізеді.

имам2.jpeg


Өзгелердің жаңалығы