Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш

2 Шілде 2021, 11:01
1738
Бөлісу:
Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2 шілде - Дипломатиялық қызмет күні. Еліміздің дипломатиялық қарым-қатынасына әйелдердің де қосып жүрген үлесі орасан. Бүгінгі мерекеге орай біз ҚР СІМ жанындағы «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бөлімінің басшысы Мадина Жарбосыновамен әңгімелескен едік.

Мадина Бейнешқызы Алматыда медик студенттердің отбасында дүниеге келген.

Оның айтуынша, анасы оқуын үзбеу үшін оның әжесі бір айлығында Зерендіге алып кетіп, балалық шағын сонда өткізген.

Менің ата-анам дәрігерлік қызметін Ақтөбеден бастады. Мен әке-шешемнің қарамағына баруға қарсылық көрсететінмін. Алайда мектепте оқып жүрген кезімде ата-анамның тәрбиесіне өттім. Олар сол кезде Алматыда жұмыс істейтін. Оңтүстік астанамызда 1971 жылы №94 орта мектепті алтын медальмен бітірдім. Менің отбасым олардың ізімен медициналық институтқа түседі деп ойлады. Бірақ мен барлығын таңғалдырып, шет тілдер институтына түстім, - деді Мадина Жарбосынова.
Ол оқуда үздік боп танылған студенттерге берілетін Ленин стипендиясының иегері болған.

Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш

Жоғары оқу орнын да қызыл дипломмен тәмамдадым. 25 жасымда КСРО Ғылым академиясы тіл білімі институтының аспирантурасын аяқтаған соң ғылым кандидаты атағын алуға диссертацияны қорғап шықтым, - деді ол.
Мадина Бейнешқызы Сыртқы істер министрлігіне 1995 жылы ҚР Жоғарғы кеңесінен ауысқанын айтты.
Мен ол жерде парламентаралық байланыс секторын басқаратын едім. СІМ-де бірінші хатшыдан сыртқы істер министрлігінің орынбасарына дейін жеттім. Ал 1999 жылы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ жанындағы Қазақстан өкілі етіп тағайындады. Сондай-ақ мен ЕҚЫҰ - ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі кеңсесінің арнайы өкілі-үйлестірушісі лауазымындағы белсенді шетелдік қызметті аяқтадым. Бұл - ЕҚЫҰ - ға қатысушы 57 елдің жұмысын үйлестіру мандаты бар сайланбалы лауазым. Әрине, менің сайлануым Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етуінің және ЕҚЫҰ-ның барлық үш өлшемі шеңберінде міндеттерді шешу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшылығының күш-жігерінің тиімділігін танудың нәтижесі болды, - деді Жарбосынова.

Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш

Мадина Бейнешқызы қазір қызмет етіп жатқан институт туралы да айтып берді.

Сыртқы саяси зерттеулер институты 2019 жылы құрылған. Институттың негізгі міндеті Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының басым бағыттарын іске асыру бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу, әлемдік саясаттағы, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік саласындағы өзекті трендтерді анықтау болып табылады, - деді ол.
Жарбосынованың айтуынша, дипломат болуы үшін өз елінің тарихы мен мәдениетін білу жеткіліксіз.

Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш

Дипломат жоғары кәсібилікпен қатар патриотизм, азаматтық борыш сезімі, өз елінің мәдениеті мен тарихынан бөлек аккредиттелген елдердің тарихын білуі керек. Сондай-ақ интеллект, шыдамдылық, әдептілік, талдау, сыни ойлау, есту және тыңдау, диалогты жүргізу және қолдау қабілеттерін терең білуі тиіс. Жақсы әзілдеу де басымдылық болып есептеледі, - дейді дипломат.

Оның айтуынша, әйелдер мемлекеттік және дипломатиялық қызметте болу қиындық тудырады деген таптаурынды түбірімен жою керек.

Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш

Шетелде әйел көшбасшылар мен мемлекет басшыларының, саяси қайраткерлердің, табысты бизнес құрылымдары жетекшілерінің мысалдары аз емес. Олардың саны артып келеді. Себебі әлемдік қауымдастық бірдей мүмкіндік пен жағдай жасаудың қажеттілігін мойындап отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылында дипломатияда қалыптасқан қазақстандық әйелдер туралы да ауыз толтырып айта аламыз. Алайда олардың саны көп емес, - деді Жарбосынова.

Оның айтуынша, әлем әлі де гендерлік тұрғыдан теңдікке жеткен жоқ.

Шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің пайызы әлі де аз, ал орта және төменгі деңгейде әйелдердің қатысуы едәуір көп. Әйелдер тиісті білім, кәсіби дағды мен қажетті қасиеттен кенде емес. Яғни, әйелдер мемлекеттік және дипломатиялық қызметті алып жүре алады. Отбасы мен баланың болуы да кедергі емес. Таптаурындарды жою мен ерлер қатарына «өту» қиын. Мүмкін, бізге де көптеген еуропалық мемлекет   сияқты белгілі бір позицияларға заңды түрде уақытша әйелдер квоталарын енгізу керек шығар, - деді дипломат.
Мадина Жарбосынованың пікірінше, әзірге көптеген мемлекеттік мекемеде пирамидалылық байқалады.

Бірінші хатшыдан БҰҰ өкіліне дейін. Дипломатиядағы нәзік күш

Әйелдердің пайызы төменнен жоғарылау кезінде азаяды, неғұрлым жоғары болса, соғұрлым аз болады. Шыңында ерлер тұрады. Әрине, мемлекетте қолайлы инфрақұрылым, мектепке дейінгі бос уақыт және оқу орындарының жүйесі құрылса, сондай-ақ тұрмысты ұйымдастыру мәселелері шешілсе, әйелдерге жеңіл болар еді, - деді ол.
Мадина Бейнешқызы барша әріптесін Дипломатиялық қызметі күнімен құттықтады.
Әріптестерімді дипломатиялық қызмет күні мерекесімен құттықтай отыра, оларға Қазақстан халқының игілігі үшін елдің сыртқы саяси мүдделерін табысты ілгерілету мен қорғауды тілеймін, - деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі Конституцияға, өзге де нормативтік құқықтық актілерi мен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын дипломатиялық қызмет органдарындағы ҚР азаматтарының кәсiби қызметi болып саналады.


Өзгелердің жаңалығы