Тоқаев жемқорлық жайлы: Бірінші басшының жауапкершілігін реттеу керек

2 Қыркүйек 2019, 12:19
2977
Бөлісу:
Тоқаев жемқорлық жайлы: Бірінші басшының жауапкершілігін реттеу керек
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында сыбайлас жемқорлық мәселесін көтерді.

«Сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес - күн тәртібініне түспейтін мәселе. Сыбайлас жемқорлық қылмыс болған ведомствоның бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыдан реттеу керек», - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күресетін орган қызметкерлеріне де заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік қарастырылуы тиіс. 

Атап өтсек, Мәжіліс үйінде VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші сессиясының ашылуына орай Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті.



Өзгелердің жаңалығы