Birgemiz: Пандемия кезінде волонтерлер млн-нан аса адамға көмектесті

16 Наурыз 2021, 13:10
1548
Бөлісу:
Birgemiz: Пандемия кезінде волонтерлер млн-нан аса адамға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасын өткізу тақырыбы  аясындағы брифингте Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты. 

Бүгінгі күні волонтерлік әлемді дүр сілкіндірген пандемия қауіпіне қарсы тұратын маңызды фактордың бірі болғанын сеніммен айта аламыз. Осынау қиын кезеңде еліміздің волонтерлері қатарына 500 мыңнан адам тартылды. Олар 1 млн-нан аса адамға көмек көрсетті, - деп айтты ол.

Мадияр Қожахметтің сөзінше, волонтерлікті дамытудағы ең маңыздысы – бұл мемлекет пен қоғамның бірге жұмыс істеуі.

Брифинг барысында «Birgemiz» волонтерлік республикалық фронт-офисы және оның өңірлердегі 17 офисінде волонтерлік қозғалысты дамытуға арналған инфрақұрылым екені айтылды. Бұл барлық волонтерлік ұйым мен топты біріктіруге мүмкіндік берді.

Волонтерлік саласындағы жаңалық - QazVolunteer.kz бірыңғай платформасы. Бүгінгі таңда 47 мыңнан астам волонтер мен 3 мыңнан астам ұйымды біріктірген бірыңғай ақпараттық ресурс саласындағы алуан түрлі жобаларға ұйытқы болды. «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы шеңберінде 7 бағыт бойынша волонтерліктің тұтас жүйесі қалыптастырылды. Олар «Sabaqtastyq», «Saulyq», «Taza alem», «Asyl mura», «Qamqor», «Umit», - деп атап өтті комитет төрағасы.

Оның айтуынша, бұл бағдарламалар 7 мыңнан астам волонтерді қамтып, волонтерлер қозғалысының айқындаушы векторы болды. Азаматтарға кеңес беруге 3,5 мыңнан астам ерікті – заңгерлер, адвокаттар, нотариустар және заң факультеттерінің студенттері қатысып, олардан 7,5 мың адам кеңес алды.


Өзгелердің жаңалығы