Бір тәулік ішінде Арыста 133 үй қалпына келтірілді

26 Шілде 2019, 12:30
1360
Бөлісу:
Бір тәулік ішінде Арыста 133 үй қалпына келтірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2312-ге жетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көпқабатты үйлер еліміздің 14 өңірі мен республикалық маңызы бар үш қаланың күшімен жөнделіп, қайта тұрғызылуда. Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған. Жұмыс Ақтөбе облысының секторында белсенді қарқынмен жүргізілуде, онда 355 үй қалпына келтірілді. Басқалар да қалыспай келеді - Батыс Қазақстан облысында 290 үй, Қызылорда облысында 177 үй жөнделді.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай болған алғашқы күннен бастап Арыс қаласында жүрген ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күн сайын мониторинг жасап отыр. 



Өзгелердің жаңалығы