Бір қолға 10 жұмыртқа. Атырау облысындағы жұмыртқаға шектеу не үшін қойылды?

15 Қыркүйек 2022, 09:04
1685
Бөлісу:
Бір қолға 10 жұмыртқа. Атырау облысындағы жұмыртқаға шектеу не үшін қойылды?

Атырау облысында жұмыртқаға айлық қажеттілік 7,9 млн дана болып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірде жұмыртқа өнімдерін өндіру бойынша 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл «Алмалы құс» және «Бақай Құс» ЖШС. Олардың өндіріс қуаттылығы 1 айда 2 млн дана. Бұл 2 кәсіпорын облыс қажеттілігінің тек 30% - ын қамтамасыз етеді. Өңірдің қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Қостанай, Ақтөбе, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарынан жұмыртқа өнімдерін тасымалдау жүзеге асырылып жатыр, -  деп хабарлады Атырау облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Жаңабеков.

Бірінші санаттағы жұмыртқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне кіреді. 

Бүгінде  жұмыртқа өнімдері «айналым схемасы» арқылы 38 сауда саттық нүктесінде, құны 35,6 теңгеден Идеал-маркет арқылы сатылады.  Алыпсатарлық әрекеттер мен жұмыртқа тапшылығының алдын алу мақсатында Идеал-маркетке бір қолға 10 жұмыртқадан аспайтын шектеу белгіленді. Басқа сауда орындарында мұндай шектеу жоқ, - деп хабарлады Н.Жаңабеков.

Өзгелердің жаңалығы