Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалы өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғанадй, емханаға тіркелу туралы өтініш оған тіркеу немесе тіркеуден дәлелді тұрғыда бас тарту 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
Сондай-ақ үйге жақын емханаға тіркелу маңызды. Мұның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, медициналық көмек алу үшін үйден емханаға 15-20 минутта жаяу жүріп жету ыңғайлы. Екіншіден, медициналық көмектің үйде көрсетілуіне, соның ішінде дәрігерді немесе мобильді бригаданы үйге шақыруға болады. Барлық емханалар аумақтық қағидат бойынша жұмыс жасайды және пациент емхананың қызмет көрсету аумағында тұрған жағдайда ғана оған медициналық көмек үйде көрсетіледі, - деп атап өтті қордың елордалық филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
Сондай-ақ филиал басшысы бір мезгілде қанша емханаға тіркелуге болатынына тоқталды.
Қай кезде де тек бір емханаға тіркеледі. Себебі медицина ұйымына тіркелу сіздің ЖСН нөміріңіз бойынша жүзеге асырылады. Таңдаған емханаңызға тіркелгеннен кейін, бұрынғы емхана автоматты түрде тіркеуден шығарады. Ал егер емханаға тіркелу науқаны кезінде өтініш беріп үлгермесеңіз, өзіңізге бұрын қызмет көрсеткен тіркеудегі емханада қаласыз. Тіркеу науқаны кезінде басқа емханаға тіркелу үшін өтініш берсеңіз, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап алатын боласыз. Биыл жыл соңына дейін сіз өзіңізге бұрын қызмет көрсетілген емханада тіркеуде қаласыз және медициналық көмек алуды сол жерде жалғастырасыз, - деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордалықтар екі ай ішінде қалаған емханаға тіркелу науқаны басталғаны туралы айтқан болатынбыз.