"Бір күнде шешемін". Депутат Мусиннің уәдесін еске алды

12 Маусым 2024, 16:10
917
Бөлісу:
"Бір күнде шешемін". Депутат Мусиннің уәдесін еске алды
Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин "Қазақтелекомның" жаңа басшысы Бағдат Мусиннің министр кезінде берген уәдесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілі депутатқа "Жаңа қызметке тағайындалған Бағдат Мусин "Қазақтелекомның" мәселесін шеше ала ма? Ол мекемеге өзгеріс енгіземін деп тарифтерді қымбаттатып жіберуі мүмкін бе?" деп сұрақ қойды.

Бағдат Мусиннің жетінші шақырылымдағы жауабы әлі есімде. Ол "Қазақтелеком менің қолымда емес, әйтпесе мәселесін бір күнде шешер едім" деген еді. Енді көрейік. Бір күнде шешіп бере ме, жоқ па уақыт берейік, - деді депутат Мәжіліс кулуарында. 

Еділ Жаңбыршиннің сөзінше, байланыс тарифін көтеру үшін әркім ойына келген бағаны қоя алмайды.

Бізде табиғи монополияны реттейтін комитет бар. Бағалар реттеліп отырады. Сондықтан бұл қоғамдық маңызы бар мәселе. Егер баға жөнсіз өсетін болса, оның есебі жіті қаралуға тиіс. Керек болса, Парламентке шақырып себебін сұрай алатын құқығымыз бар, - деді Жаңбыршин.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Алматыда той үстінде оқ атқандарды жауапқа тарту керегін айтып, Ішкі істер министріне сауал жолдады.

Өзгелердің жаңалығы