Бір бас мал үшін бірнеше субсидия алған. Антикор субсидия алатын ақпараттық жүйе туралы айтты

4 Мамыр 2022, 10:35
1463
Бөлісу:
Бір бас мал үшін бірнеше субсидия алған. Антикор субсидия алатын ақпараттық жүйе туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы «Желмая» жобасында айтты. 

Президент ауыл шаруашылығына субсидия беру, яғни мемлекеттік қолдау шаралары қалай жүзеге асырылып жатқанына талдау жүргізуді тапсырған болатын. Оның аясында агенттік, Бас прокуратура, қаржылық мониторинг агенттігі басқа да мүдделі тараптармен фермерлер мен шаруалармен бірігіп кешенді шаралар жүргізілді. Талдауда мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының барынша әділ және ашық жүйесін қалыптастыру көзделді, - деді Асанұлы. 

Оның айтуынша, субсидия фермерлерге бөлінеді, ал оның жүзеге асырылуын ешкім бақылауға алмаған. 

50-ден астам субсидияның түрі бар екен. Оны алатын 4 ақпараттық жүйе бар. Әрқайсысының ерекшелігі мен кемшілігі бар. Сол ақпараттық жүйенің жұмысын талдай келе, бұрын субсидияланған немесе экспорт алған мал үшін бірнеше рет субсидия алғанын көрдік. Ақпараттық жүйенің қолжетімділігі сонша, тиісті мамандар малдың жасы мен жынысын өзгертіп, бір мал үшін бірнеше субсидия алған. Осы жұмыстардың барлығы талдау аясында белгілі болды, - деді ол. 

Асанұлы айтқандай, бұл бойынша 100-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар облыстық, республикалық деңгейдегі шенеунік ұсталды. 

Тексерудің басты мақсаты шенеуніктерді ұстау ғана емес. Болашақта олардың орнына басқа мемлекеттік қызметкерлердің келіп жалғастыруына жол бермеу. Талдау аясында 170 ұсыныс енгізілді. 4 жүйенің қажеті керек емес. Бір ашық жүйе болса жеткілікті, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы