Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

22 Ақпан 2021, 16:49
2284
Бөлісу:
Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саз балшықтан ыдыс жасау – көнеден келе жатқан ғазиз өнер. Күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған бұл шеберлік түрі тек өнерсүйер қауымның ғана емес, қарапайым адамның да қолынан келер салаға айналды. Аталған салаға өз үлесін қосып, гончарлық кәсіптің мектебін қалыптастырып жүрген жандардың бірі – қолданбалы өнер шебері Биназир Сұлтан ханыммен қыш жасаудың қыр-сыры жайлы сұхбаттасқан болатынбыз.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді
Тілші: Биназир ханым, ерекшелігімен қоса, қиындығы қатар жүретін бұл кәсіп түрін таңдауға не түрткі болды?
Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Бұл іспен бала кезімнен айналысып келемін, алайда арнайы білімім жоқ. Бала кезімде үйдің жанында әкемнің шеберханасы болатын. Сол жерге таңертең кіргеннен кешке қарай бірақ шығатынмын. Өзімді танығалы қыш жасаумен айналысып келемін. Қазір уақытымның негізгі бөлігі осы шеберханада өтеді. Кішкентайымнан солай тәрбиеленгенмін. Қайда жүрсем, шеберханам өзіммен бірге жүреді. Өмір салтым болып кеткен. Бала кезден осы салаға қызығушылығым оянып, шеберлігімді шыңдап келемін.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Тілші: Гончарлық істе саз таңдау, оны өңдеу қалай жүреді?
Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Ең алдымен, сазды тани білу керек. Оның химиялық құрамын мұқият зерттеген дұрыс. Себебі саз қатты отта күйдірілетіндіктен, одан қандай әсер болатынын білген жөн. Әлемде саздың алуан түрі бар. Әр саздың күйдірілу тәсілі, градусы болатындықтан, оның ерекшелігі, түстік реңктерін ажырата білген абзал. Өңдеуден бөлек, сазбен жұмыс істеудің техникасы да әр түрлі болады. Мысалы гончарлық станокта бөлек саз, мүсін жасау үшін мүсіндік саз, үшінші құйма әдісі арқылы жасалатын ыдыстарға мүлдем басқа саз қолданылады.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Саздан гончарлық станокта мүсінін шығарып алу жеткіліксіз. Оны кептіріп, пешке күйдіріп, сыртына шыны жағып, қайтадан күйдіреміз. Бұл бір күнде бітпейді. Бірінші күні негізі жасалатын болса, үш-төрт күннен кейін сыртын қырып тазалау, түзеу, жуу, кептіру процестері бар. Әр заттың кебу тәсілі әр түрлі. Егер толық кеппей жатып күйдірсек, ыдыс пеште атылып кетеді. Себебі кеппеген ыдыста ылғал қалып, пешке салсақ, буланып, сындырып жібереді. Сазды 1000 градуста күйдірсе, керамика, 3000 градуста күйдірсе, отқа төзімді ішінде үлкен температура сақтайтын керамика шығады. Осы секілді бұйымдарды күйдіру тәсілі де әрқалай. Сондай-ақ саз өзге де заттарды, мысалы, көлік саймандары, ыдыстар, кафель, зергерлік бұйымдар, ракета, көлік, танк құрастыруда қолданылады.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Тілші: Саз балшықты қайдан аласыз?
Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Балшықты жазда қазып аламын, арнайы сатып алмаймын. Өйткені қандай түрін таңдау керегін жақсы білемін. Көріп отырғандарыңыздай, балшықты өндіру үшін де біраз физикалық күш салу керек. Дайындау тәсілі өте ұзақ, арнайы құралдар болмаса қиын.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Тілші: Үй жағдайында гончарлық станокта жұмыс істеуге бола ма?
Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Болады, тек сазды релаксация мақсатында мүсіндеуге ғана мүмкіндік бар. Ал өндірістік тұрғыда жасау үшін арнайы орындар мен пештер қажет.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Тілші: «Қайда жүрсем, шеберханам менімен бірге» дедіңіз. Шеберхана ашуда қандай қиындықтар туындады?

Биназир Сұлтан: Бір жерден басқа жерге көшу үлкен күшті талап етеді, көше бергенді де жақсы көрмеймін. Әр шеберхананың аурасы, қасиеті болады. Ең қиыны – шеберхананы жалға алу. Бастапқы кезде қаражат жағынан қиындық туындады. Екіншісі, бізде халық саны аз. Шеберхана ашқан күннің өзінде көшеден көре сала кіріп келетін адам бола бермейді. Адамдар «сарафанды радио» арқылы ғана келеді, әлеуметтік желі болмаса, адам тарту қиын. Тағы бір қоса кететіні, білікті, сауатты қызметкерлер табу да оңайға түспейді. Ал маман дайындау үшін уақыт тапшы.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Тілші: Қала бойынша тағы шеберхана ашу ойыңызда бар ма?
Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Әрине, бар. Көп адам осындай ұсыныс айтып жатады. Бірақ бизнес жүргізіп кете алатын адам емеспін, оған энергетикалық ресурстарым жеткіліксіз. Жаңа шеберхана ашудың да өзіндік қиыншылықтары бар. Егер командама сондай адамдар қосылып жатса, бұл істі міндетті түрде жүзеге асырамын.

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Биназир Сұлтан: Қайда жүрсем де, шеберханам өзіммен бірге жүреді

Тілші: Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!
Ботакөз ЖАҚИЯНОВА
Өзгелердің жаңалығы