Билл Гейтс жаңа пандемияларға дайын болуға шақырды

27 Сәуір 2021, 07:46
1294
Бөлісу:
Билл Гейтс жаңа пандемияларға дайын болуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Майкрософт компаниясының негізін қалаушы және оның бұрынғы басшысы Билл Гейтс әлемде алдағы уақытта тағы пандемия болатынын айтты, деп хабарлайды LADbible.

Гейтс адамзат СOVID-19 пандемиясынан алған тәжірибесінен кейін болашақта әлдеқайда ақылды болуы тиіс деп есептейді.

Бізде қазір қауіпсіздік сезімі бар. Ол – жалған. Бұл мәселе алдағы он жылда болады деп ойламаймыз, сондықтан оған ақша салудың қажеті жоқ деп есептейміз, – деді ол.
Оның пайымынша, алдағы бірнеше онжылдықта 10 миллионнан астам адамды соғыс емес, жұқпалы вирус өлтіруі мүмкін.

Гейтс келесі пандемия 20 жылдан кейін пайда болса, адамзатқа ол үлкен мүмкіндік береді деп есептейді.

Өзгелердің жаңалығы