Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па? – Депутат ақпарат тарату жүйесін сынады

24 Қаңтар 2024, 11:03
378
Бөлісу:
Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па? – Депутат ақпарат тарату жүйесін сынады
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында депутат жер сілкінгенде алматылықтарға дер кезінде хабарлама жіберілмегенін айтып, жүйені сынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Алматыда болған жер сілкінісі кезінде ақпараттандыру жұмысы кенде қалғанын айтты.

Кешегі Алматыдағы жер сілкінісі азаматтарға ақпарат берудің кемшіліктерін айқындап берді. Алматыда болған дүмпулер Қырғызстанда, Өзбекстанда және Қазақстанда сезілді. Google Аndroid арқылы алматылықтарға хабарлама жіберген. Осылайша, тұрғындар ақпаратты өзіміздің ТЖМ мен ұлттық оператордан емес, әлемдік сервистерден алды. Осындай қиын-қыстау заманда біздің қауіпсіздігіме кім жауап береді? Билл Гейтс пе, әлде Илон Маск па? Біздің ақпараттандыру жұмыстары неге дұрыс жұмыс істемейді?, - деп сұрақ қойды Пономарев заңды түсіндірген Екатерина Смышляеваға.

Заң жайлы баяндаған Смышляева бұл мәселеге кінәлі болғандар анықталатынына сенім білдірді.

Ақпараттың дереккөзі мүмкін дер кезінде жетпеді. Ақпараттандыру да уақытылы жетпеген шығар. Бірақ бізде заң бойынша ұялы операторлардың қысқа SMS-хабарлама жіберу бойынша міндеттемесі бар. Ол бір күннің ішінде жіберілуі мүмкін, яғни ешқандай шектеу жоқ. Біз ТЖ кезінде қысқа әрі жылдам келетін смс-терді жіберу бойынша қайта қарауымыз керек. Сондықтан заң жобасы аясында міндеттемені қарай аламыз. Сондай-ақ кеңжолақты хабар тарататын технологиялар бар. Олар бүгінде өндірістік жұмысқа енгізілмеді, тек пилоттық жобада жұмыс істеп жатыр. Бұл технология бойынша да жұмыс істеу керек. Оны бюджеттік комиссия аясында қарау керек, себебі бюджеттік қаржыны қажет етеді, - деді Смышляева.

23 қаңтарда сағат 00:09-да Алматыда жер сілкінгенін еске сала кетейік.

Бұған дейін заң жобасының нормалары жайлы айтқан едік. 

Өзгелердің жаңалығы