Білім саласында парақорлар мемлекетке 17 млрд теңге залал келтірген

2 Қазан 2024, 12:06
301
Бөлісу:
Білім саласында парақорлар мемлекетке 17 млрд теңге залал келтірген
Фото: BAQ.KZ

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Антикор жариялайтын жаңалықтардан педагогтер, мектеп әкімшілігі бюджеттен қаржыны жиі ұрлайтынын білеміз. Бізде бюджет тесік пе, әлде заң әлсіз бе? Заң бұзғандар неге заңнан қорықпайды? Неге бұған қарсы күреспейсіздер? Олар заңды қалай бұзатынын білсеңіздер, ақшаны қалай ұрлайтынын білсеңіздер, ақша неге әлі ұрланып жатыр? – деп сұрады БАҚ өкілдері Антикордан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов бұл қоғамдағы және білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті.

Мысал келтірейін. Біздің агенттіктің басшысы мемлекет басшысына бұл туралы есеп берді. Біз бұл мәселе жайында ақпаратты бірнеше рет жарияладық. Барлық мемлекеттік органмен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Соңғы 2 жылда, әсіресе, 2022-2023 жылдары бұл саланы терең зерттей бастағанда мемлекетке 17 млрд теңге залал келген. Бұл – қомақты қаржы. Біз агенттіктің әлеуметтік парақшасында және баспасөз қызметі арқылы Талдықорған қаласында білім беру бөлімінің меңгерушісі, бас бухгалтер, бірқатар мектеп директоры 4 млрд теңгеден астам қаржы ұрлаған. Тіпті ұстау барысында көлікте шамамен 1 млрд теңге болған. Біз осыған ұқсас фактілерді өзге өңірлерде де анықтадық, - деді Сарқұлов.

Антикор цифрландыру жұмыстарын профилді министрлік және әкімдіктермен бірлесе жүргізіп жатқанын қоса кетті.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады. Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алғаны туралы да жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы