Білім алу - түсінгеніңді мазмұндау ғана емес. Ербол Тілешов оқытудағы басты міндетті атады

24 Тамыз 2022, 10:56
1662
Бөлісу:
Білім алу - түсінгеніңді мазмұндау ғана емес. Ербол Тілешов оқытудағы басты міндетті атады
Фото: inform.kz

«Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері» тақырыбындағы халықаралық біліктілікті арттыру онлайн-семинары өз жұмысын бастап кетті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов бүгінде оқытушылардың басты міндетін атады.

Біз қалайық, қаламайық жаһанданудың ішіндеміз. Күні кешегі «оқыту», «білім беру» дегеніміз белгілі бір ақпаратты беру және оны қайта мазмұндау деген тар түсінік аясынан шығып, алынған білімді күнделікті өмірде қолдану, адамзаттың игілігіне жарату болып өзгерді. Білім алушыларға тек жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелеу, анализ жасау, оны қолдануды үйрету әр оқытушының алдында тұрған үлкен міндет, – деді Ербол Тілешов.

Халықаралық іс-шараның алғашқы шымылдығын Сүлейман Демирел университеті MDE орталығының ғылыми координаторы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Райхан Жалғасбайқызы Абнасырова ашып,  «Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудағы цифрлық технологиялар» туралы жан-жақты әңгімеледі. Дәріс барысында жаппай ашық онлайн курстардың мүмкіндіктері кеңінен сөз болып, қызықты тәлім соңы тәжірибелік жұмыстарға ұласты. 

Өзгелердің жаңалығы