Билікке білімді жастарды тарту жұмысы қалай жүріп жатыр?

30 Шілде 2023, 12:00
1132
Бөлісу:
Билікке білімді жастарды тарту жұмысы қалай жүріп жатыр?
Фото: BAQ.KZ

Бүгін Жаңарған Қазақстан арнайы репортажында болашақтың стратегиялық ресурсы ел жастары жайында мәселе қозғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан халқының - 20,2 пайызы жастар. Мемлекет басшысы қолынан іс келетін дарынды жастарға арналған тиімді әлеуметтік лифті құруды 2019 жылы айтқан болатын.

Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттік жастар резерві қалай жасақталады? Бақылаушыларға арналған қандай тыйымдар бар? 

Қоғамда тамыр-танысың болмаса жауаты қызметке орналасуың екіталай ма? Елімізге қандай мемлекеттік қызметкер қажет? Резевке кандитаттар қандай қызмет атқара алады? Арнайы репортажда жастар мәселесінің аясындағы осы және өзге деп мәселелер қаралды.

Өзгелердің жаңалығы