Теміржол билеттерін мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады

19 Желтоқсан 2019, 14:01
2094
Бөлісу:
Теміржол билеттерін мобильді қосымша арқылы сатып алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ электронды билет сатуды жетілдіру мақсатында Android платформасында жол жүру құжаттарын сату бойынша "ҚТЖ билеттері" мобилдік қосымшасын іске қосады.

Осы қосымша өзінің функционалы бойынша "BILET.RAILWAYS.KZ" сайтымен бірдей және "Күту парағы" қызметі сақталады. Қосымшаны Play Market арқылы жүктеп алуға болады.

Қосымша тестілік режимде жұмыс істейтіндіктен компания интерфейсті және қажетті функционалын жақсарту бойынша clpp2012@mail.ru электронды пошта арқылы пікірлер мен ұсыныстарды қабылдайды. Ұлттық тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерді) интернет-ресурста ресімдеуге болатынын еске салады. BILET.RAILWAYS.KZ немесе билет кассалары, бөгде интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары ("КИВИ" және "Касса-24" сауда маркаларымен) арқылы немесе пошта бөлімшелерінің қызметтерін пайдалануға, орын болмаған жағдайда, поезд жөнелтілгенге дейін 7 тәулік бұрын "Күту парағы" қызметін тегін пайдалануға болады, - делінген хабарламада.

Билеттерді сатып алу кезінде азаматтарды бөгде адамдардың күмәнді қызметтерін пайдаланбауға, ал билеттерді заңсыз сату фактілері анықталған кезде белсенді азаматтық ұстаным танытып, қызметкерлері тұрақты негізде вокзал кешендерінде орналасқан ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің желілік полиция бөлімдеріне жүгіну қажет.

Компания қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің куәсі болған жағдайда "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директорының блогына бейнематериалдарды қоса отырып, ақпарат жіберулеруге болады. 

Өзгелердің жаңалығы