Бикебаев: Прокуратура мен адвокаттар арасында тепе-теңдік жоқ

25 Мамыр 2023, 11:39
950
Бөлісу:
Бикебаев: Прокуратура мен адвокаттар арасында тепе-теңдік жоқ
Фото: автордан

Бас прокуратурада мемлекеттік айыптаушылардың форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жиынға Жоғарғы және Конституциялық соттың, республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, заңгер ғалымдар және аймақтардағы прокуратура қызметкерлері қатысты.

Бас Прокурор Берік Асылов, Прокурорлар айыптау жағын ұстанбаулары қажет. Олардың негізгі мақсаты сотқа сотталушының кінәлі немесе кінәсіз екендегін анықтауға көмек беру керек екенін жеткізді.

Мемлекеттік айыптаушы сотта әділ, объективті және бейтарап болуға міндетті. Сотта мемлекет мүддесінің функциясын тиімді жүзеге асыратын, жоғары білікті, тәжірибелі прокурорларды дайындау керек, - деді Берік Асылов.

Ал Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев Прокуратура мен адвокаттар арасында тепе-теңдік болу керек екенін тілге тиек етті.

Прокуратура мен адвокаттар арасында тепе-теңдік жоқ. Заңымызда адвокаттардың кепілдігі жазылған. Осы 30 жылда адвокаттардың құқығын бұзғаны үшін ешкім қылмыстық жауапқа тартылмады. Адвокаттардың кепілдіктерін бұзса, әкімшілік жаза жоқ. Осы мәселелерді шешу керек деп ойлаймын. Конституцияда прокурор туралы заң бар, ал адвокаттардікі жай заң. Осыдан-ақ тепе-теңдік көрініп тұр. Адвокат өз клиентін қорғай отырып, заңға қызмет етеді. Прокурорлар да заңға қызмет етеді, - дейді Айдын Бикебаев.

Оның айтуынша, прокуратура мен адвокаттың мәртебесін тең болуы қажет.  

Адвокаттардың кепілдігін кеңейту мыңызды. Тергеу кезінде құжаттармен адвокаттарды таныстыру керек. Бұл да үлкен мәселе. Тергеу болып жатқанда адвокаттар бүкіл құжатқа қол жеткізе алмайды. Құжаттар сараптамаға кетеді. Сондықтан істің мән -жайын білмей тұрып дұрыс сұрақ қоя алмайды. Ақтайтын үкімдер көбейген жоқ, - дейді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев.

Өзгелердің жаңалығы