Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 Мамыр 2024, 13:38
382
Бөлісу:
Бибігүл Төлегенова қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақтың бұлбұлы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Ахметқызы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Опера әншісі халқына бейбітшілік, саулық және жарқын болашақ тіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Опера әншісі барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, бақытты әрі қуанышты күндер тіледі.

Бүкіл Отан қорғаушы азаматтарға тілерім күш-қуат берсін, елімізде аманшылық болсын, сол тыныштықты осы азаматтар сақтасын. Бала-шағаларыңыз аман болсын. Сол азаматтар бізді жақсы қорғаса, елімізде тыныштық болады. Мереке құтты болсын! Еліміз аман болсын, – деді Бибігүл Төлегенова.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевта Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында бұл мерекенің еліміздегі бейбітшілік пен тыныштық құндылықтарын нығайту үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы