Бейсенбі, 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

17 Желтоқсан 2020, 08:45
1557
Бөлісу:
Бейсенбі, 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 желтоқсанда антициклон жотасының ықпал етуімен еліміздің оңтүстік және шығыс аудандарында жауын-шашынсыз ауа райы, ал солтүстік және батыс аудандарда циклон жырасының әсерінен кей жерде қар жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерінде – тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі,

Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.


Өзгелердің жаңалығы