Бейсембаев білім басқармаларының басшыларына бірқатар тапсырма берді

16 Қаңтар 2023, 17:11
1112
Бөлісу:
Бейсембаев білім басқармаларының басшыларына бірқатар тапсырма берді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облысының білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр ұсыныстарды, атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты тыңдап, негізгі міндеттерді атады.

Кеңесте Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов баяндама жасады. Ол министрлікке қоғамнан көптеген өтініш түсіп жатқанына тоқталды. Бұл жергілікті атқарушы органдардың мәселелерді дер кезінде шешпей отырғанының көрсеткіші.

2022 жылғы қарашада министрлік «Педагогті қорғау» Telegram-чатын іске қосты. 2 айдың ішінде чатқа 33 мың адамнан 5 мыңға жуық өтініш түскен. Сұрақтардың басым бөлігі сағаттарды бөлуге, аттестация, мұғалімдерді міндетінен тыс қызметке тартуға, олардан шамадан тыс есеп беруді талап етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. қатысты. Осыған байланысты білім бөлімдері мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет, – деп айтты Ернұр Дәуенов. 

Сондай-ақ кеңеске қатысушылар емтихан тапсыру, олимпиадалар, аттестация, курстар және т. б. кезінде академиялық адалдықты арттыру мәселелерін талқылады. 

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім басқармаларының басшыларына бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олар қоғам мен педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, педагогтер мен тәрбиешілердің мәртебесін көтеру, білім алу үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға қатысты.

Өзгелердің жаңалығы