Бейбіт жиындар туралы заң жобасын түсіндіру бойынша семинар өтті

7 Қазан 2020, 22:19
1596
Бөлісу:
Бейбіт жиындар туралы заң жобасын түсіндіру бойынша семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жас Заңгерлер Палатасы» ҚБ және «Қазақстан заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі заңнаманы түсіндіру бойынша семинарлар» жобасын іске асыруда.

Жоба бейбіт митингтер бойынша өз бостандықтарын іске асыру саласында халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

2020 жылғы 30 қыркүйектен бастап заңды түсіндіру бойынша іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін семинарлар форматында басталды. Сондай-ақ ҮЕҰ және БАҚ өкілдері үшін вебинарлар өтеді. Барлық лекторлар Қазақстанның заңнамасын түсіндіру және кеңес беру бойынша тәжірибесі бар кәсіби заңгерлер болып табылады.

Азаматтарға бейбіт жиналыстар туралы өзекті құқықтық ақпаратты жеткізу және жаңа заңда қандай артықшылықтар бар екенін түсіндіру өте маңызды және олар өте көп - дейді Маңғыстау облысындағы бейбіт жиналыстар туралы заңды түсіндіру бойынша лектор Сұлтанхан Медетов.

Қазақстанның 14 облыс орталығы мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында барлығы 51 семинар өткізу жоспарланған.

Мұндай түсіндірмелерді барлық заңдар бойынша беру керек. Мысалы, мен хабарламалар, мамандандырылған орындар, ұйымдастырушының ерекше нысандары туралы білмес едім, лекторларға рахмет, бәрін өте сауатты түсіндірді - дейді Нұр-Сұлтан қаласындағы семинарға қатысушы Ержанбек Ералиев.

Өзгелердің жаңалығы