Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметіне қатысты бұйрық бекітілді

18 Тамыз 2020, 15:24
1494
Бөлісу:
Бейбіт жиналыстарда болатын журналист қызметіне қатысты бұйрық бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 14 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Бейбіт жиналыстарда болатын журналист (бұқаралық ақпарат құралы өкілі) қызметінің қағидаларын, журналистің айырым белгілерінің нысандарын бекіту туралы" № 279 бұйрықты (бұдан әрі – Қағидалар) бекітті.

Қағидалар "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 4-3-бабының 13-4) тармақшасына сәйкес ЮНЕСКО-ның Бейбіт жиналыстарда журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарын ескере отырып әзірленді, - делінген министрліктің хабарламасында.

Қағидалар БАҚ-тың жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдастырушылармен және қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды, атап айтқанда мынадай негізгі ережелер көзделген:

1) журналистің кәсіби қызметін қамтамасыз ету үшін (сұхбат беру, брифингтер) жергілікті атқарушы орган журналистерді БАҚ үшін жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз ету, сондай-ақ бейбіт жиналыс өткізу кезінде өз өкілінің қатысуы жөнінде шаралар қабылдайды;

2) БАҚ үшін жедел баспасөз орталығына бірыңғай талаптар белгіленеді;

3) айырым белгілерінің нысандары белгіленеді.

Өзгелердің жаңалығы