Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі Каирден.
Сенат спикері Қазақстан мен Мысырдың ортақ тарихи-мәдени мұрасын әрі қарай зерттеп, дәріптеу жолында осындай ғылыми конференциялар өткізудің маңызы зор екенін айтты.
Әл-Азһар – әлемдегі ең көне және бүгінге дейін үздіксіз қызмет етіп келе жатқан бірегей жоғары оқу орны. Бұл – мұсылман әлемінің ғана емес, жаһандық ойды өлшеусіз байытқан, адамзат көшін ілгерілеткен білім шаңырағы. Өз дәуірінде Бейбарыс сұлтан университетті күрделі жөндеуден өткізіп, оған екінші тыныс бергені тарихтан мәлім. Сондықтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған конференцияның Әл-Азһар қабырғасында өтуін өте орынды деп қабылдаймыз, – деді Мәулен Әшімбаев.
Әшімбаевтың сөзінше, қазақ даласында туып, Мысырдың сұлтаны болған Бейбарыс түркі және араб жұртына ортақ аса көрнекті тарихи тұлға. Соған байланысты әйгілі қолбасшының өмір жолын зерттеу әлемдік ғылым үшін де өзекті әрі маңызы жоғары іс екені сөзсіз. Сол себепті бұл бағытта Қазақстан бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.
Біздің тарихи-мәдени байланысымыздың тамыры тереңнен бастау алады. Бейбарыс сұлтанның тұлғасы соның жарқын дәлелі. Ол қазақ даласында туып-өсіп, араб жерінде айтулы басшыға айналды. Бейбарыс секілді тұлғаның өмірі тарих ғылымы үшін өте маңызды екені сөзсіз. Сондықтан оның зерттеу және дәріптеу жұмыстарын одан әрі жалғастырудың маңызы зор деп есептейміз, – деген Мәулен Әшімбаев.
Еске сала кетсек, кеше аумағы 10 мың шаршы метрден асатын Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітнің ашылуы өтетінін хабарлаған болатынбыз. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сұлтан Бейбарыс аз-Захир мешітінің ашылу салтанатына барған болатын. Әшімбаев Қазақстан мен Мысырды не байланыстыратынын айтқан еді. Сонымен қатар Оралов Мысырмен туризм саласы дамитынын айтқан еді. Сонымен қатар Дархан Қыдырәлі Бейбарыс туралы үлкен энциклопедия шығатынын айтқан болатын. Ливандық тарихшы Омар Абдель Салам Мысыр қолбасшысы Сұлтан Бейбарыстың ерекше соғыс тәсілі болғанын айтқан еді.