"Бетімнен қақпады". Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінің қандай адам екенін айтты

16 Қаңтар 2024, 01:01
9523
Бөлісу:
"Бетімнен қақпады". Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінің қандай адам екенін айтты
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова туған күніне орай Instagram-дағы парақшасында әкесіне пост арнады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Актриса, «Mrs.Universe 2020» Жұлдыз Әбдікәрімова әкесінен алған тәлім-тәрбиесі туралы айтты. Ол әкесінің бос сөйлегенді ұнатпайтын адам екенін атап өтті.

Әке, сіз барда еңсем биік! Әкем мен үшін тау тұлға. Қыз баласы үшін олай болуы қалыпты заңдылық. Өмірді кеше келе, осы жасқа жеткенде әкемнің әр әрекетінде тәрбие болғанын түсініп келем. Бір ғана мысал айтайыншы, бала күнімнен әкемнің бос сөйлегенін көрген емеспін. Дастарқан басында, үйде, қонаққа барғанда, мейман келгенде қандай жағдай да болсын айтқан әңгімесі жүйелі, саналы, ұлтжанды болатын. Сол әдеп әлі күнге жалғасуда. Ешқашан ұсақталмаған екен, - деді актриса.

Жұлдыздың сөзінше, әкесі қыз баласы деп бетінен қақпай өсірген екен. 

Менің әкем ғылым саласында. Ол дегеніңіз біздің отбасымызда жүйе, мақсат, талпыныс пен еңбек бірінші орында болды. Өзімді қыз баласы деп, бетімнен қақпады. Бірақ қатал көзқарасының өзі жеткілікті болатын. Менің әкем осындай, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы