Астанада бет-әлпетті тану функциясы бар бейнемониторинг жүйесі полиция қызметкерлеріне іздеуде жүрген үш азаматты анықтауға көмектесті.
Бұл технология іздеудегі және хабар-осыз кеткен азаматтарды, көші-қон заңнамасын бұзушыларды және құқық қорғау органдарының бақылауындағы басқа да тұлғаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйе қалай жұмыс істейді?
Жүйе кескіндерді базада тұрған деректермен автоматты түрде салыстырады.
Іздеу тек фотосурет бойынша ғана емес, сонымен қатар адамның сыртқы белгілері - жынысы, жасы, сақалы, көзілдірігі, бетпердесі немесе бас киімінің болуы бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, технология бейнебақылау камералары арқылы анықталған адамның жүру бағытын қадағалауға мүмкіндік береді.
Кімдер анықталды?
Жүйенің тиімділігін бейнемониторингтің нақты нәтижелері растайды.
Тағы бір жағдайда жүйе соттан жасырынған 34 жастағы ер адамды анықтады. Полиция қызметкерлері ақпаратты жедел тексеріп, іздестіру іс-шаралары барысында оны ұстады.
Тағы бір жағдай ұрлық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы ер адамға қатысты. Алынған ақпаратты тексергеннен кейін ол да ұсталды.
Технология не үшін енгізілуде?
Цифрлық технологияларды қолдану адамды анықтаудан бастап қажетті шараларды қабылдауға дейінгі уақытты қысқартуға және құқық қорғау органдары жұмысының жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Полиция заманауи бейнемониторинг жүйелері қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, іздеуде жүрген тұлғаларды уақтылы анықтауға және құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтеді.