Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 Ақпан 2024, 00:48
8883
Бөлісу:
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: архив

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпанда Қостанай, Қызылорда облыстарында тұман түседі.

үркістан облысында көктайғақ, тұман, екпінді жел болады.

Абай облысында қарлы боран соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-18 м/с, қатты аяз 42 градусқа жетеді.

Семей, Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа райы қолайсыздығының екінші дәрежелі ескертуі күшінде.

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы