Бердібек Сапарбаевтың інісі Үкімет үйіне жұмысқа кірді

2 Сәуір 2021, 11:10
3896
Бөлісу:
Бердібек Сапарбаевтың інісі Үкімет үйіне жұмысқа кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда қаласының әкімі болған Нұрлыбек Нәлібаев енді Премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалады.

Бұл туралы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының 3 курс докторанты. 

Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 

1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 

2005–2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.  

2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.  

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі. 

Айта кетейік, Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың туған інісі.

Өзгелердің жаңалығы