Бензин саудасын негізсіз шектеген компания жауапкершілікке тартылды

13 Қараша 2023, 17:26
638
Бөлісу:
Бензин саудасын негізсіз шектеген компания жауапкершілікке тартылды
Фото: gov.kz

Заң бұзушылықты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Департамент биыл «Petrosun» ЖШС қолданыстағы шарттық қатынастары бар нарықтың жекелеген субъектілеріне АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны саудасында негізсіз шектегенін анықтады.

«Petrosun» ЖШС-нің іс-әрекеттері жекелеген контрагенттермен шарттардың талаптарын бұзуға алып келді және олардың заңды құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтырды. Осыған байланысты, Департамент қызметкерлерінің қорытындысы негізінде «Petrosun» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша 542,9 млн. теңге сомасы көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департамент. 

Еске салсақ, Алматыда сұйытылған газ бағасын негізсіз көтергені үшін бұл компанияға қатысты іс қозғалған еді. 

Өзгелердің жаңалығы