Белгілі журналист Қалыбек Атжан дүниеден өтті

9 Тамыз 2021, 10:53
2060
Бөлісу:
Белгілі журналист Қалыбек Атжан дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Телевизия ардагері, белгілі журналист Қалыбек Атжан ағамыз өмірден өтті деген суыт хабар жетті. Қалеке – қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат. Оның әрбір сюжетінен ұлттық рух пен туған елге деген жанашырлық байқалып тұратын. Қалекең бірде «Бізге керегі – халықтың арасында көбірек жүру» деген еді. Ол осы ұстанымынан айныған жоқ. Елмен етене болып, қашанда халқының сөзін сөйледі. Қалыбек ағаның жарқын бейнесі мен жасаған еңбегі әрдайым жадымызда сақталады. Қош болыңыз, қазақ телевизиясының қара нары! Рухыңыз пейіште шалқысын, - деп жазды ол.

BAQ.KZ ұжымы Қалыбек Атжанның отбасы мен туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

 Қалыбек Атжан  1954 жылы, Жамбыл облысы, Луговой ауданы, Қазақ ауылында дүниеге келген.

Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1978). Еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде тілшіліктен бастап (1978-1980), Қазақ радиосының редакторы, аға редакторы (19801984), Қазақ радиосы және «Хабар» агенттігінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі (1984-2002), 2008 жылы «Қазақстан» РТРК АҚ «Қазақстан-Тараз» филалының директоры болды. 

«КСРО телевидение және радио ісінің үздігі», Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, ҚР-ның мәдениет қайраткері, КР ТРК АҚ-ның «Алтын жаршы» белгісінің иегері.

Өзгелердің жаңалығы