Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

26 Қараша 2022, 21:35
7013
Бөлісу:
Белгілі жазушы Мархабат Байғұт өмірден өтті

Белгілі қаламгер 77 жасында өмірден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Суыт хабар жетті. Мархабат Байғұт ағамыздың сағаты соғыпты. Бақұл болыңыз, Мархабат аға, – деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Мархабат Байғұт "Сырбұлақ", "Интернаттың баласы", "Қорғансыз жүрек", "Дауыстың түс", "Машаттағы махаббат", "Серт пен сенім", "Ақпандағы мысықтар" кітаптарының авторы. Шығармалары бірнеше тілге аударылған.

Өзгелердің жаңалығы