Белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды

16 Тамыз 2021, 20:31
3541
Бөлісу:
Белгілі спорт коментаторы Амангелді Сейітхан қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі спорт коментаторы, журналист Амангелді Сейітхан өмірден өтті.

Қаралы хабарды журналист Ардақ Айбарұлы Facebook-тегі парақшасында жеткізді.

Бұл ажал дегенге шара бар ма? Белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейітхан ағамыздан айырылып қалдық. Мына аты жаман індет ешкімді аямады-ау. Не дерімді білмей отырмын. Дүние - жалған деген осы. Отбасы, туған-туыс, дос-бауырларына қайғыра көңіл айтамын. Иманды болыңыз, жездеке!, - деп жазды ол.
Амангелді Муатқанұлы Сейітханов 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген.

1991-1994 жылдары «Спорт» газетінде жұмыс істеді.

1994 жылдан «Қазақстан ТРК-ның» «Тұғыр» бағдарламасының авторы және жүргізушісі, спорт бөлімі бас редакторының орынбасары болды.

«Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар продюсері.

1997 жылдан «Хабар» агенттігінде қызмет етіп келді.

Футболдан «Франция-98» Азия ойындары (1999, Банкгок, Бусан, Оңтүстік Кореядан чемпионатынан, Сиднейдегі (2000), Солт-Лейк-Ситидегі (2002) Олимпиада ойындарынан хабар жүргізді.

С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2000).

Өзгелердің жаңалығы