Белгілі өнер театрының үстінен тергеу жүргізіліп жатқаны рас па?

24 Желтоқсан 2022, 17:50
1569
Бөлісу:
Белгілі өнер театрының үстінен тергеу жүргізіліп жатқаны рас па?

Әлеуметтік желіде 24-25 желтоқсанда өтетін «Өнер қырандары – Харекет қорына 5 жыл» концертіне қатысты шу шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Алматы әуендері» ресми хабарламада концертті Республика сарайында өткізу үшін келісімшарт жасалмаған деген еді.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін театр директорына хабарластық.

Бәрі дұрыс. Кеше кіріп, бәрі шешілді. Ұйымдастырушылар тарапынан қате кеткен. Бірақ барлығы реттелді. Қайта келісімшарт жасалды. Концерт бүгін және ертең өтеді. Тек уақыт жағынан біраз өзгеріс енгізілді, - деп жауап берді «Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін 24-25 желтоқсанда өтетін «Өнер қырандары – Харекет қорына 5 жыл» концертіне сатылған барлық билеттің күші жойылғаны айтылды. Тіпті тиісті құқық қорғау органдары мән-жайды тексеріп, аталған іс-шараның өтетін күні жалған екенін анықтағандығы туралы ақпарат тараған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы