Белгілі діндар «Коронавирус – Құдайдың жазасы» дегендерге жауап берді

9 Тамыз 2021, 12:22
6821
Бөлісу:
Белгілі діндар «Коронавирус – Құдайдың жазасы» дегендерге жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресейдегі Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы Шамиль Аляутдинов тележүргізуші Динара Сәтжанға Instagram-дағы тікелей эфирде берген сұхбаты барысында айтты. Сондай-ақ сұхбат барысында ол вакцинаға қатысты өз ойын ортаға салды.

Белгілі діндар өмірдің өзі түрлі сынақтардан тұратынын алға тартты.

«Кейбір қарсы адамдар коронавирус – қарсыласуға болмайтын Құдайдың жазасы деп жатыр. Осы тұрғыда ойыңыз қандай?» деп сұрады Динара Сәтжан.

Құранда да, хадистерде де: «Өз қолдарыңызбен өздеріңізді өлімге итермеңіздер» деп айтылады. Яғни қандай да бір қауіппен бетпе-бет қалмаңыздар делінген. Хадистерде «Емделіңіздер!» дейді. Ем алуға, дертке қарсы тұруға біз міндеттіміз. Қандай жағдай болса да, Құранда да, хадисте де адам әрекет етуі тиістігі алға тартылады. Құранда: «Бір-біріңе жақсылық жасауға көмектесіңдер, күнә мен өшпенділік жасауға көмектеспеңдер» деп жазылған, - деді Мәскеу мемориалдық мешітінің имамы.

Оның айтуынша, тіпті, жануарлардың өзі кез келген нәрсеге қарсы жауап беріп, қолдарынан келгенін жасайды.

Жаратушымыз өмір мен өлімді қатар жаратты. Сондықтан бұл өмір - сынақ. Біз әрекет етуіміз керек. Саналы түрде әрекет жасау қажетпіз. Сауатты саралай білген дұрыс. Исламда хадистерде жаман жорамал жоқ деп айтылған, - дейді Шамиль Аляутдинов

Өзгелердің жаңалығы