Беларусьтегі наразылықтар азаматтық соғысқа айналуы мүмкін – министр

21 Тамыз 2020, 11:31
1687
Бөлісу:
Беларусьтегі наразылықтар азаматтық соғысқа айналуы мүмкін – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскер білдірушілердің жағына өтпейінше, мемлекетті құлату мүмкін емес. Бұл туралы Беларусьтің қорғаныс министрі Виктор Хренин айтты.

Беларусь қорғаныс министрі Виктор Хренин республикадағы наразылықтар азаматтық соғысқа немесе әскери қақтығысқа айналуы мүмкін деп мәлімдеді. Бұл туралы «Наша Нива» Беларусь басылымы қорғаныс министрлігі, бас штаб және қарулы күштер бөлімшелерінің басшылығымен шенеуніктің жабық отырысының аудиожазбасына сілтеме жасай отырып хабарлаған.

Біз азаматтық соғысқа душар болуымыз мүмкін, адам өмірінің бағасы күн сайын төмендеп барады. Бұл қорқынышты. Әскери қақтығыстың болуы да ықтимал. Біздің міндетіміз – оған жол бермеу, - деді Хренин.

Сондай-ақ, министр армия наразылық білдірушілердің жағына өтпейінше, мемлекетті құлату мүмкін емес екенін атап өтті.

Қажет болса, қару-жарақпен күресу керек. Ел үшін, өзіміз үшін, отбасымыз үшін, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы