Беларусьтегі мигранттар қоймада тұрып жатыр

25 Желтоқсан 2021, 18:27
1123
Бөлісу:
Беларусьтегі мигранттар қоймада тұрып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыстың суығында әсіресе босқындарға қиын болып тұр. Беларусьте Польшамен арадағы шекарада әлі жүздеген мигрант бар, деп жазды Хабар24.

Олардың 600-дейі Гродно қаласындағы қойманы паналап отыр. Арасында балалар көп. Жақында миграция жөніндегі халықаралық ұйым еліне қайтқысы келетін босқындарды тіркеп, отанына оралуын көмектесе бастады. Бірақ шығынданып, Беларуське әзер жеткен кей мигранттар мұндай ұсыныстан бас тартып, Еуропаға өтуге үмітті. Ал мамандар қыс түскесін мигранттардың жағдайы қиындай түскенін айтады. 

Миграция жөніндегі халықаралық ұйым отанына өз еркімен оралғысы келетін мигранттарды тіркеуден өткізе бастады. Олар келісім берсе Минскке жеткізіледі. Одан әрі еліне аттанады, - деді Миграция жөніндегі халықаралық ұйым өкілі Мохаммед Рефаад.

Өзгелердің жаңалығы