Беларусьте президенттік сайлау нәтижелері жаңартылды

11 Тамыз 2020, 00:15
3697
Бөлісу:
Беларусьте президенттік сайлау нәтижелері жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларусь орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысын жаңартты.

Сөйтіп, қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко 80,08%, оның бас қарсыласы Светлана Тихановская 10,09% дауыс жинаған. Қалған 3 үміткердің әрқайсысының жинаған дауыстары 1%-дан асады. Ал сайлауға қатысқандардың тағы 4,6%-ы "Бәріне қарсымын" деп дауыс берген екен.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Светлана Тихановская орталық сайлау комиссиясынан саяси дода нәтижелерін заңсыз деп тануын талап еткен. Ол дауыстарды қайтадан санауға шақырып отыр.

Өзгелердің жаңалығы