Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды

30 Маусым 2022, 13:16
1217
Бөлісу:
Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды
PHOTO

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодарлық «Майдан жолы» жасағының сарбаздары Белорусь еліндегі халықаралық экспедициясын аяқтады. Қазақстандық іздестірушілер Витебск облысы Дубровен ауданындағы Рыленки меомориалды кешенінде қазақ жауынгерлерінің құрметіне ескерткіш белгі орнатты.

Бұл – «Майдан жолы» жасағының тарихындағы Витебск облысындағы алғашқы ескерткіш. Жоба бір жыл бұрын әзірленіп, Беларусь елін жаудан азат етуге 78 жыл толуына орай жүзеге асырылды.

Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды

Салтанатты шара барысында қос елдік әнұрандары шырқалып, Отан үшін отқа түскен батырлар бір минуттық үнсіздікпен еске алынды.

Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды

«Біз елден жырақ жерде қаза тапқан жауынгерлерді іздістіру мақсатын көздедік. Сондықтан, соғыс жылдары Қазақстанда құрылған әскери құрылымдар шайқасқан жерлерде зерттеу жүргіздік. Қазақ жерінен майданға кеткендердің ішінде хабар-ошарсыз қалғандары баршылық. Дәл осы облыста жерлестеріміз ерлік жасап, әскери шеберліктерін көрсетті. Мұрағаттық деректер мен құжаттарды зерттедік. Нәтижесінде Витебск облысында Алматыда құрылған 39-шы атқыштар дивизиясының сарбаздары кескілескен шайқастарға қатысты. Семей, Алматы, Өскемен жерінде құрылған 238-ші атқыштар дивизиясы, Ақтөбе қаласында құрылған 101-ші бөлек қазақ ұлттық атқыштар дивизиясы Витебск облысының бірнеше ауданы мен Россон облысының Сураж қаласын азат етті», - дейді «Майдан жолы» жасағының командирі Александр Шитов.

Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды

Екі апталық экспедиция барысында хабарсыз кеткен 18 жауынгердің жатқан жері табылды. Қару-жарақ, гильзалар, пулемет дискілері сияқты заттар табылды. Жалпы, отряд мүшелері шет елдерінде 20-дан астам ескерткіш орнатқан.

Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды

 

Беларусь жерінде қазақ жауынгерлеріне ескерткіш белгі орнатылды
Өзгелердің жаңалығы