Беларусьте коронавирус жұқтырғандар саны 446 040-қа жетті

1 Тамыз 2021, 07:51
1595
Бөлісу:
Беларусьте коронавирус жұқтырғандар саны 446 040-қа жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Беларуссияда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 446 040-қа жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды RT.

Беларуссияда коронавирустық инфекциямен расталған 440 200 науқас емделді. Барлығы 7 294 282 сынақ жүргізілді.

Жалпы елде инфекция таралуының барлық кезеңінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 454 науқас қайтыс болды, – делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы