Бельгия мен Швейцария санитарлық шектеулерді біртіндеп алуға ниетті

15 Сәуір 2021, 10:30
1379
Бөлісу:
Бельгия мен Швейцария санитарлық шектеулерді біртіндеп алуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгия карантиндік шектеулерді кезең-кезеңімен жоюды бастамақ. Бұл туралы премьер-министр Александр де Кроо пандемиямен күрес жөніндегі комитеттің 7 сағаттық отырысының қорытындысында мәлімдеді. Ең алдымен, билік ЕО-да саяхаттау үшін шекараларды ашуға уәде берді, деп жазады ru.euronews.com.

Жексенбі күні кешке аса маңызды емес сапарларға жасалған тыйым алынып тасталады. Бұл тыйымның орнына коронавирустық сынақтардың болуына және келісілген негізде карантин шараларын сақтауға өте қатаң бақылау жасалады, - деді де Кроо.

Сәуір айының соңынан бастап Бельгия Үкіметі шаштараздар, сұлулық салондары мен дүкендердің жұмысына шектеулерді алып тастауға ниетті, ал 8 мамырда кафелер мен мейрамханалар ашылады деп күтілуде.

Швейцария үкіметі де санитарлық шектеулерді жоюдың жаңа кезеңін жариялады. Келесі аптадан бастап конфедерацияда көпшілік іс-шаралар өткізіп, көрермендерді стадиондарда, кинотеатрлар мен театрларда жинауға болады. Сонымен қатар мейрамханалар ашық террассаларды аша алады.

Швейцария үкіметінің мәлімдемесінде елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі болып қала береді, сондықтан карантиндік шаралар туралы мәселе COVID-19 емдеумен айналысатын ауруханалардың жүктемесін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы