Бектенов Үкіметке жаңа министрді таныстырды

6 Мамыр 2024, 18:30
791
Бөлісу:
Бектенов Үкіметке жаңа министрді таныстырды
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Жаслан Мәдиевті таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олжас Бектенов жаңа министрге ведомство алдында тұрған маңызды міндеттерді белгіледі. 

ЦДИАӨМ-ге жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану, ІТ-қызметтердің экспортын ұлғайту мақсатында табысты стартаптарды дайындау үшін қолайлы орта құру жұмысын жалғастыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы