Бектаев: Басқа елдерге мақтанатындай жағдайымыз бар

8 Желтоқсан 2021, 11:38
844
Бөлісу:
Бектаев: Басқа елдерге мақтанатындай жағдайымыз бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев мәлімдеді.

Ол «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» конференциясында ауыл шаруашылығындағы қиыншылықтар туралы айтты.

Бүгінде өтіп жатқан «30 игі іс» Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Мұндағы мақсат - еліміз жеткен биіктер мен айтулы табыстармен бөлісу. Біздің басқа мемлекеттерге мақтанатындай жағдайымыз бар. Тәуелсіздік - қазақ халқына көптеген жетістік алып келді. Біз мемлекет ретінде дамып, басқа ұлттармен тереземіз тең болды. Осы орайда біз «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» ғылыми-теориялық конференциясы өткізіп жатырмыз. Ондағы көздеген мәселеміз еліміздің ауыл шараушылығындағы аграрлы секторындағы жеткен жетістіктерді бір саралап өту, - деді партия төрағасы.
Бектаевтің айтуынша, еліміздегі ауылшаруашылығының даму жолы оңайға түспеген.

Жалпы, ауыл шаруашылығы ауыр сала. Бұл саланың ең негізгі кемшілігі ол ауа райына, яғни, климатқа байланысты болуы. Өндірілетін өнімді де көп сақтауға болмайды. Тез бұзылатын болғаннан кейін оны өткізу, жинау, қайта өңдеу я болмаса нарыққа шығарудың да өзіндік қиыншылықтары бар, - деді ол «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» жиынында.



Өзгелердің жаңалығы