Бекшин жаңа қаулы қабылдады. Қала тынысында не өзгереді?

23 Сәуір 2021, 19:10
1841
Бөлісу:
Бекшин жаңа қаулы қабылдады. Қала тынысында не өзгереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.

Қаулыда қызыл және сары мәртебесі бар келушілер анықталған жағдайда кәсіпкерлер Ashyq жобасы қатысушылары тізімінен алынып тасталатыны айтылған.

Қаулының дұрыс іске асуын «Атамекен ҰКП» филиалдары, меморгандар, аудан әкімдері бақылайды.

Аталған қаулы 24 сәуірде күшіне енеді. Оның толық нұсқасымен танысу үшін сілтеме арқылы өту қажет.

Қаулының негізгі бөлігі елдің бас санитары Ерлан Қиясовтың 13 сәуірде қабылдаған қаулысын жүзеге асыруға бағытталған.

Еске салсақ, 14 сәуірден бастап келесі нысандар іске қосылды:

  • кинотеатр;
  • театр және филармония;
  • асхана, банкет залдары тәрізді орындарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындары.

21 сәуірде келесі нысандардың жұмысына рұқсат берілді:

  • облысаралық және қалалық (туристік) тасымалдар;
  • бильярд клубтары;
  • концерт залдары.

5 мамырдан бастап Ashyq жобасына жасыл аймақтағы караоке, банкет залдары қатысады.

Өзгелердің жаңалығы